Хабар телеарнасы

Әбілхан Қастеев. «Тарих. Тағдыр. Тұлға»

Туған елінің тарихы мен тағдырын сан мыңдаған бояулар арқылы өрнектеген тума талант. Ол – Орталық Азияда классикалық жанрдың негізін қалаған қазақстандық алғаш кәсіби суретші Әбілхан Қастеев.

Әбілхан Қастеевтің талантынан туған туындылар – оның туған еліне деген өлшеусіз тартуы. Осынау өшпес мұрасыз біздің мәдениетіміз бен кескін өнерін елестету мүмкін емес. Иә, сурет өнерінде қаншама таланттар дүниеге келіп, жұлдызы жарқырап жанса да, Әбілхан Қастеевтің есімі қазақ кескіндеме өнерінде әрқашан бірінші болып қалмақ. Өйткені ол – қазақтан шыққан тұңғыш қылқалам шебері.

Адамдық болмысын адалдықпен, қарапайымдылықпен ұштастырған өнер иесінің мағыналы өмір жолы мен өрнекті өнер жолы туралы деректерді «Тарих.Тағдыр.Тұлға» циклінен тамашалаңыздар!