Хабар телеарнасы

«Ұлттың ұйытқысы» деректі фильмі

Жер бетіндегі тіршілікті жалғап, ұрпағына ізгіліктің дәнін еккен, адамзаттың тағдырына алаңдап, соғысқұмар жендеттерге үн көтерген құдырет. Ел бірлігі мен болашағы үшін кәмшат бөркін баса киіп, атқа қонып, найзасын жауға сілтеп, ерлермен қатар елдің шетін қорғаған қазақта дана әрі жаужүрек әйел көп болған. Бір әулеттің ғана емес, тайпа мен елдің берекесін келтіріп, несібесін тасытқан тіршіліктің тұтқасы, «Ұлттың ұйытқысы» болған аналарға құрмет қашан да жоғары.