Хабар телеарнасы

«Алаш айбары» деректі фильмі

Ол – таңбасы тасқа, тері қара жердің тамырына сіңген, қанмен жазылған тарих.

Қазіргі әскер батырлар найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ұлы даланың қазіргі қорғанысына қабілетті. Заң қарпінде өрнектелген «соғыссыз әлем» жалпыұлттық идеясын насихаттаушы әрі соның кепілі – қуатты армия.
Елдіктің туын асқақтатқалы биыл 27 жыл. Бұл – бейбітшілік жолында бітімгерлік миссиясын атқарған Қазақстанды әлемдік аренада алпауыттарға сенімді серіктес еткен сарабдал саясат пен тұғырлы тәуелсіздік жемісі.
Тарихтың естелікке толы беттерін «Алаш айбары» деректі фильмінен тамашалаңыздар!