×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Әлемде

Йеменге Ходейда порты арқылы 50 мың тонна жанармай келіп жетті

Йеменге Ходейда порты арқылы 50 мың тонна жанармай келіп жетті

Йеменнің Ходейда портына көмек тиеген 5 кеме келіп жетті.

Оларда шамамен 50 мың тонна жанармай бар. Бұл туралы Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның өкілі мәлімдеді. Бұған дейін ресми Эр-Рияд Йеменнің құрлық, әуе және су жолдарының барлығын жауып тастаған. Өйткені мұндағы бүлікші хуситтер Сауд Арабиясын зымыранмен атқылады. Коалиция өкілдерінің пайымдауынша, бүлікшілерге зымыранды Иран жеткізіп береді. Ал шекараны жабу сол қару жолдарын кесуге бағытталған.

Айта кетейік, Йеменде 7 миллион адам ашаршылықтың аз-ақ алдында тұр. 900 мың тұрғын тырысқақ дертіне шалдыққан. Шекара шегенделіп, сырттан келетін көмек кешіккеннен кейін жергілікті жұрттың жағдайы ауырлады. Іле-шала Біріккен Ұлттар Ұйымы коалициядан гуманитарлық көмектің келуіне жол ашуын талап етті. Мәліметтерге қарағанда, елге келетін азық-түлік пен дәрі-дәрмектің 80 пайызы дәл осы Ходейда порты арқылы кіреді екен.

Колонел Турки әл-Малики, Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның өкілі

Коалиция басшылығы кеңесе келіп, Ходейда портын ашты. Алайда тек гуманитарлық көмек пен жанар-жағармай өткізеді. Йемен тұрғындарына қажетті азық-түлік және медициналық көмекті дер кезінде жеткізу үшін коалиция бар мүмкіндікті жасайды.

Last modified on