×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Әлемде

Токиода роботтарға арналған көрме ашылды

Токиода роботтарға арналған көрме ашылды

Жапония астанасында робототехникаға арналған ірі көрме ашылды. Оған 200-ге жуық компания қатысып, қонақтарға осы саладағы ең соңғы жетістіктерді паш етті.

Мысалы, көрмеге қойылған роботтың бірі киімдерді 2 минуттың ішінде жинай алады. Ал қытайлық компания жасап шығарған қызметші құлтемір болса Жапонияда көпшіліктің сұрауына ие болатынына күмән жоқ. Себебі қартайып бара жатқан Күншығыс елі үшін жұмысшы күшінің жетіспеушілігі барған сайын өткір сезіліп отыр. Соңғы уақытта елдегі кейбір әуе компаниялары мен сауда және мейрамхана желілері осы түйткілдің кесірінен кеңеюді кейінге қалдырған. Сондықтан қазір бұл мәселені көмекші құлтемірлер арқылы шешу көзделген.

Ал мамандардың айтуынша, роботтар индустриясы 2030 жылға таяу 8 есе өседі. 

«Мына робот киім-кешекті менің әйелімнен артық жинайтын сияқты. Болашақта құлтемірлер мен адамдар арасында бәсекелесітік орнайды деп ойлаймын», - дейді көрмеге келуші Кодзи Вада.

Last modified on