×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Әлемде

Сирияда үкімет пен оппозиция конституциялық кеңес құрады

Сирияда үкімет пен оппозиция конституциялық кеңес құрады

Сирия үкіметі мен оппозицияның қатысуымен конституциялық кеңес құрылады. Тиісті шешім Сочи қаласында өткен Сирия ұлттық диалогының конгресінде қабылданды. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі СтАффан де Мистура жиынды қорытындылады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Сириядағы гуманитарлық ахуал талқыланды. Алайда бұл жолы Кеңес мүшелері түйіні тарқамай отырған мәселеге қатысты ортақ мәмілеге келе алмады. Ұйымның дерегіне сәйкес, биыл сириялықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 3 жарым млрд АҚШ доллары қажет. Қатысушылар «қақтығыс аймақтарынан науқастар мен жарақаттанғандар көшіріліп, Дамаск қаласынан елдің оңтүстік-шығысына көмек жеткізілуі қажет» деп отыр. Бас хатшының гуманитарлық мәселелер бойынша көмекшісі Урсула Мюллердің айтуынша, Сирия елінде 13 млн тұрғын көмекке мұқтаж. 

Урсула Мюллер, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша көмекшісі:

-Сегіз жылға жуық уақытқа созылған қақтығыс салдарынан тұрғындарға ауқымды көмек қажет. Біз қолдау көрсетуге  дайынбыз, бірақ көмектің қауіпсіз әрі жедел жеткізілуі үшін арнайы механизмдер қажет.

Last modified on