×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Экономика

Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумында тиісті келісімдерге қол қойылды

Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумында тиісті келісімдерге қол қойылды
Ал Астанада кеспе өндіруге арналған алып кешен салынады. Бұл бойынша Қытайдың Наньнин қаласындағы Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумында тиісті келісімдерге қол қойылды.
Қос елдің өңіраралық ынтымақтастық форумы. Бұл Қытайдың провинция, ал Қазақстанның барлық облыс басшылары және ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған алғашқы ауқымды шарасы. Атауы айтып тұрғандай, әр аймақтың инвестициялық мүмкіндігі мұнда жеке қаралды.
Мәселен, қазірдің өзінде 35 үлгідегі жылына 25 мың дана жеңіл көлік шығаратын Қостанайды алайық. Форумда сала мамандары бірлесе жұмыс жасау жөнінде кезекті келісімге қол қойды.
У И, қытайлық автокомпанияның бас директоры:
– Келісім аясында Қостанайдың көлік өндіру қуатын алдағы 5 жылда 60 мың данаға жеткізу көзделген. Қазір жасалып жатқан үлгілерге қоса, қазақстандық брендті шығару да жоспарланып отыр. Сондай-ақ электромобильдер өндірісін дамытуға басымдық беріледі.
Жиында жалпы құны 1 млрд доллар болатын онға тарта жоба талқыланды. Солардың бірі – бұрын Қазақстанда болмаған Қытай кеспесін өндіру кәсіпорны. Дәл осы өнімді жасауға қазақстандық ұн сапасы сәйкес келеді. Аталмыш зауыт алдағы 2 жылда салынады.
Гүлмира Исаева, ҚР Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары:
– Кәсіпорын әуелі Астананың маңында тұрғызылады. Себебі инфрақұрылымы жақсы дамыған, тауарды экспорттауға ығайлы орын. Келешекте ондай зауыттар астық өндіретін Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында да пайда болады. Ол өнімдер негізінен сыртқы нарыққа арналған.
Сондай-ақ алдағы 3 айда бірлескен инвестициялық қор құрылатын болды. Ол толықтай қазақстандық кәсіпорындар жұмысын қаржыландырумен айналысады.
Мақсат Қабашев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
– Қордың алғашқы кездегі капиталы шамамен 250 млн доллар болады. Қаражат жаңа технологияларды жетілдіру үшін беріледі. Негізгі басымдық – элоктрондық сауда мен логистиканы дамыту.
Наньнин – 6 млн астам тұрғыны бар, инфрақұрылымы барынша жетілген, өндіріс, өңдеу мен сауда-саттық саласы дамыған мегаполис. Осындай қалада қазақстандық мамандар тауарларға қоса «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасындағы мүмкіндіктерімізді және саяхаттап қайтуға болатын демалыс орындарымызды да паш етуде.
Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Батырбек Ғаділбеков
Last modified on