×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Экономика

СҚО-да бензин бағасы тағы да қымбаттады

СҚО-да бензин бағасы тағы да қымбаттады

Ең өтімді АИ-92 маркалы сұйық отынның құны аймақта 162 теңгеге дейін көтерілді. Осы уақытқа дейін ол 156 теңгеден саудаланып келген болатын. Ал кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде бензин тек талонмен босатылып жатыр.  

Сала мамандарының айтуынша, өңірде сұйық отынның тапшылығы жоқ. Ал бағаның бұлай шарықтап кетуіне ресейлік мұнай компаниялары бағаны өсіргендігі себеп. Айта кету қажет, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысына жанар-жағармай толықтай Уфа зауытынан тасымалданып жатыр. 

Виктор Иванов, қала тұрғыны:

– Баға күн сайын өсіп жатыр. Бұрын мың теңгеге әжептәуір бензин құйып алатын едік. Қазір 5-6 литр ғана келеді. Шыны керек, жүріп-тұруымыз қиындап кетті. 

Құралай Жарова, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Бүгінгі күні облысымызда 2760 тоннадан астам жанар-жағармай қоры бар. Осы айдың 29-ы күні тағы 1100 тонна бензин жеткізіледі. Сондықтан бізде сұйық отын тапшылығы болмайды. Ал баға осы деңгейде сақталады. 

Last modified on