×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Экономика

Кәсіпкерлер құқығы қырағы қорғалатын болады

Кәсіпкерлер құқығы қырағы қорғалатын болады

Алматы облыстық соты мен Кәсіпкерлер палатасы өзара тиімді әрекет ету жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұл шараның басты мақсаты Дүниежүзілік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстан Республикасының рейтингін жоғарылату, қоғамда заң үстемдігін орнату және кәсіпкерлердің құқын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу. Аталған құжат сот органдарының қызметін қолжетімді етуге, кәсіпкерлердің мүддесі қаралатын сот отырысында құқықтық қорғау шараларын ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен бірге қағазбастылық деңгейі де төмендетілетін болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстағы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары кәсіпкерлер мүддесіне қатысты 140 сот отырысына қатысқан. Жалпы кәсіпкерлер құқығын қорғау бағыты бойынша 160 өтініш түссе, оның 80 пайызы оң нәтижемен аяқталған.

Қалдарбек Досымбет, Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: 

– Келешекте жиі-жиі дөңгелек үстел жүргіземіз. Ол дөңгелек үстелдерде кәсіпкерлердің заңды білімін ары қарай көтереміз. Сол себептен жүргізіліп жатыр.

Last modified on