×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Экономика

БЖЗҚ басшылығы өткен кезеңдердегі ахуалға шолу жасады

БЖЗҚ басшылығы өткен кезеңдердегі ахуалға шолу жасады

Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтардың зейнетақы жинағының жалпы сомасы 7,5 триллион теңгеден асып, 13,4 пайыз өсімді көрсетті.

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылары хабарлады. Сондай-ақ қордың алдағы 5 жылға даму жоспарларымен бөлісті. Айтуларынша, базалық мөлшерлеме мен инфляцияны шектеуге қатысты Ұлттық банктің реттеу шаралары салымшылардың инсвестициялық кірістеріне оң әсер еткен. Жыл басынан бері салымшылардың таза инвестициялық табысы 547 миллиард теңгеге жетті. Қор басшылары проблемалық банктердегі зейнетақы активтерінің тағдырына да тоқталды.

Нұрбүбі Наурызбаева, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы:

– Дефолтты эмитенттер бойынша «Казинвестбанк» пен Delta Bank-те мерзімі өтіп кеткен зейнетақы активтері жоқ. Олар лицензия уақыты аяқталғанша өтеп үлгерді. Ал RBK банкі туралы айтар болсақ, осы банкке қатысты қабылданған сауықтыру бағдарламасын есепке алғанда 49 миллиард теңге зейнетақы активтері бар. Ұлттық банктің акционерлермен бірге жоспарлаған шараларын ескерсек, бұл қаржының қайтарылмай қалу қаупі жоқ.

Last modified on