×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Аяз Атаға хат жазып, жаңажылдық сыйлық күткен маңғыстаулық отбасының тілегін полицейлер орындады

Аяз Атаға хат жазып, жаңажылдық сыйлық күткен маңғыстаулық отбасының тілегін полицейлер орындады

Ішкі істер басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында тұратын көпбалалы отбасына барып, сыйлық табыстады.

Сегіз баланың бірі қалың тонға, енді бірі күртешеге, тағы бірі ойыншыққа қол жеткізді.СегіАқтау қалалық жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бауыржан Айбеков пен жол патрульдік полициясының қызметкері Гүлшара Бахадүрова қызметтік формаларын Аяз Ата мен Ақшақардың әдемі шапанына ауыстырды. Мақсат – Жаңа жыл мерекесінде шағын ғана ауылда тұратын балаларға қуаныш сыйлау.

Сүйікті кейіпкерлерін көрген балалардың төбесі көкке жетті. Көпбалалы отбасыға Аяз Ата мен Ақшақар алғаш рет келіпті. Бала арманын орындайтын сиқыршы аталары құр келмеген, 8 баланың барлығына сыйлық үлестірді.

Үйдің үлкені Жансаяға әкелген әдемі көйлек үстіне қона кетті. Рахат пен Гүлдананың етіктері де шап-шақ. Кішкентай Әбдірахман жаңа ойыншық алғанына мәз.

Айдана:

– Мен бүгін қатты қуаныштымын. Мен Аяз Атаға хат жазып едім, ол менің тілегімді орындады. Маған әдемі, жылы жемпір әкеліп берді. Енді мұны мектепке киемін. Інілеріме тәттілер және сыйлықтар әкелді.

Жаңажылдық сыйлыққа алтын алқа таққан Мөлдір Ғанибаева да ие болды. Полицейлер қолынан іс келетін балалардың анасына тігін машинасын тарту етті. Сондай-ақ азық-түлік, көкөніс пен жеміс-жидекті сыйға тартты.

Бауыржан Айбеков, Ақтау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

– Біздің парызымыз – балаларды қуанту. Осы мақсатта отбасыларға келіп отырмыз. Жаңа жылда жаңа табысқа жетейік, мол бақыт болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Гүлшара Бахадүрова, Ақтау қалалық жол патрульдік полициясы батальонының инспектор-психологы:

– Бүгін балалардың қуанғаны – бізге де үлкен қуаныш. Отбасыларына амандық алып келсін. Ата-аналары аман болсын! Осындай көмектесетін үлкен азаматтар көбейіп, Жаңа жыл тек бақыт алып келсін!

Тәртіп сақшылары мерекедегі игілікті істі жалғастыра бермек. Басқұдықтың балаларын қуантқан Аяз Ата мен Ақшақар көрші ауылға бет алды.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Last modified on