×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Талдықорғанда жолақы 20 теңгеге қымбаттады

Талдықорғанда жолақы 20 теңгеге қымбаттады

Талдықорғанда қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттады. Ол бұрын 60 теңге еді. Жаңа жылдан бастап 80 теңге болды.

Алматы облысының орталығында жолаушы тасымалдаумен айналысатын 7 компания бар. Олар 29 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Жолақы жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты өсіп отыр.

«Дегенмен 1-2-ші топтағы мүгедектер мен ардагерлерге, студенттер мен мектеп оқушыларына жасалатын жеңілдіктер сақталып қала береді», –  дейді Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер.

Қуат Қаниет, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

– 2015 жылы білсеңіздер, 1 литр бензиннің құны 80 теңге болса, қазіргі кезде 160 теңге болды. Екінші себеп қосалқы бөлшектер, аккумулятор болсын, резиналар болсын, нарыққа байланысты 40-50 пайызға көтерілу себебі бойынша осындай шешімге келдік.

Last modified on