×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 350 кәсіпкердің құқын қорғады

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 350 кәсіпкердің құқын қорғады

Осылайша, бизнес өкілдерінің 370 миллион теңге қаржысын сақтап қалу мүмкін болды.

Кәсіпкерлер кездесетін кедергілердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, жер қатынастар саласы және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне байланысты екен. Мәселен, өткен жылы кәсіпкерлер палатасы құзырлы органдармен бірлесіп, бизнесті қорғау бағытындағы шаралар аясында 11 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Олардың қатарында Жаңақорған кентінің әкімдігі де бар.

Ғалым Едігеев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Жаңақорған кенті әкімшілігімен мердігер мекемеге жұмыстарың уақытылы аяқталмады деп 1 миллионнан астам сумманы тұрақсыздық айыбын өндірумен мекемені жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінген. Дегенмен палата өкілдері осы сот процесіне қатысып, кәсіпкердің мүддесін қорғап, нәтижесінде Жаңақорған кенті әкімшілігінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде жеке ұйғарым шығарған. Әрине алдағы уақытта осындай әрбір дерек бойынша қатаң шараларға тарту туралы мәселені міндетті түрде қоятын боламыз.

Last modified on