×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Танымал тележүргізушілер ұтыстарын қайырымдылық қорына аударды

Танымал тележүргізушілер ұтыстарын қайырымдылық қорына аударды

«Хабар» Агенттігінің танымал тележүргізушілері «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды шоуына қатысып, бір миллионға жуық қаржы ұтып алды.

Ақшалай ұтысты олар «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық қорына аударып, 13 жастағы Виктория Қанатованың еміне жұмсау туралы шешім қабылдады.

Телевизиялық ойын оңай сұрақтармен басталды. Алайда ойын талабына сәйкес, уақыт өте сұрақтар күрделене түсті. Зияткерлік ойында кітаби білімнің аздық ететіні рас. Бұл ретте, алғашқы жұп ойыншылар, көрерменге көптен таныс тележүргізушілер Қымбат Хангельдина мен Марат Мұхамедсалиев терең білгірлік танытып, барынша көп ұтысқа жетуге тырысты. Бұған себеп те жоқ емес. Әріптестер ойыннан ұтқан қаржыны ауыр науқасқа шалдыққан Викторияның еміне жұмсау туралы шешімге келген болатын.

Қымбат Хангельдина, тележүргізуші:

– Балалардың ауырғаны, өкінішті әрине. Оларды емдеп, жазуға кейбір отбасылардың жағдайы келмейді. Викторияның денсаулығының жақсаруына өзімнің аз да болса, үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Виктория жазылып, оның отбасында тек қуанышты сәттер болуын тілеймін.

Ойыншылардың екінші жұбы «Хабар 24» телеарнасының жүргізушілері Лаура Жақыпова мен Иван Тулинов алғашқы күймейтін ұтысқа ие болды. Ал үшінші жұп көпшілікке жақсы таныс Ерлан Игісінов пен Мая Бекбаева еш қиындықсыз үшінші асуды бағындырды. Бұл жұптың ұтысы – 600 мың теңге болды.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

– Үш жұп тартысты ойын өткізіп, интелектуалды шоу болғандықтан, барлық сұрақтарына болмаса да, барынша жауап беруге тырысты. Соның арқасында 1 миллион теңгеге жуық қаржы жиналды. Осы қаржы ауру қыздың емделуіне аударылды.

«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының қайырымдылыққа арналған бұл саны ертең 6 қаңтар күні кешкі сағат 20.15-те «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Алма Оразбаева

Last modified on