×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Астанада ауырсыну синдромын операциясыз емдеудің озық технологиялары таныстырылады

Астанада ауырсыну синдромын операциясыз емдеудің озық технологиялары таныстырылады

Елорда дәрігерлері ауырсыну синдромының отасыз емделуінің жапондық технологияларын меңгеріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Ақпан айында Қазақстанның бас қаласына өз тәжірибесімен бөлісу үшін инвазивті емес  хирургия саласындағы танымал жаңашыл, медициналық және фармецевтикалық «Тохоку» университетінің ортопедиялық хирургия бөлімінің профессоры  Хироши Озава келмек.

Ол дәрігерлерге жапондық озық аппараттардың көмегімен ауырсынуды отасыз емдеудің әдістерін көрсететін болады.

«Астана тұрғындарына созылмалы аурусынуды емдеу үшін бұдан былай шетелге баруына тура келмейді. Жапониялық әріптесіміздің көмегімен ақпан айынан бастап қуаттылығы 2200 МВт, ену тереңдігі 5 см болатын «SuperLizer» және заманауи терапияның төменгі жиілікті әрі интерференцтерапиялық «Sedante-Neo» сияқты ауырсыну синдромын отасыз емдеуге мүмкіндік беретін екі жаңа аппаратты қолданатын боламыз. Бұл аппараттар дәрі-дәрмекті аллергия және асқазан мен он екі елі ішектің жаралы созылмалы асқанған ауырсынуы бар науқастарға қосымша көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Ұлттық нейрохирургия орталығының жоғары санатты невролог дәрігері Ерғали Есенбаев.

Атақты хирургпен кездесуді Ұлттық нейрохирургия орталығы ұйымдастырады. Дәрігердің қабылдауына бүгіннен жазылуға болады.

«Науқастардың көбі Ұлттық нейрохирургия орталығына өңірлерден жиі келеді. Ол кезде бізде созылмалы ауырсыну синдромы бар науқастарды емдеумен айналысатын бөлімшелер де, мамандар да жоқ болатын. Біз осы проблеманы шешудің жолдарын көп іздедік. Шетелдегі біздің әріптестер оны қалай шешетінін сараладық. Осылайша біз тәжірибе алмасу мақсатымен Астанаға жапондық дәрігерді шақырдық. Кейін бұл әдісті өз елімізде де қолданатын боламыз. Осылайша елімізде медициналық туризм дамитын болады», – деп атап өтті Е. Есенбаев. 

 

 

Last modified on