×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Қоғам

Депутаттар: Ауылдық жерлерге банк несиелерін арзандату керек

Депутаттар: Ауылдық жерлерге банк несиелерін арзандату керек

Мәжіліс депутаттарының келесі бір тобы Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесіп, бүгін жарияланған Елбасы жолдауын талқылады.

Жиналғандар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған міндеттерге жеке тоқталды. Елбасы алдағы 5 жылда осы саладағы еңбек өнімділігі мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырған. Депутаттар: «бұл биік мақсатты орындау үшін кешенді шаралар қолға алынуы керек», – деді. Соның ішінде банк несиелерін арзандату керек деген ұсыныс айтылды.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі Президенттің жолдауы өте маңызды. Маған ең жақыны – аграрлық мәселе. Ақша болмаса, біз аграрлық мәселелерді шеше алмаймыз. Ұлттық банкпен бірге, Үкіметпен, банктермен бірге қайта қарау керек. Менің ойымша, егер ауылдық жерге арзан несиелер келсе, біз ауылды дамытамыз.

Last modified on