×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты министрлерге тапсырмалар жүктеді

Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты министрлерге тапсырмалар жүктеді

Ел Үкіметі Елбасының Жолдауында айқындалған тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әр салаға жеке-жеке тоқталып, министрлерге биылғы жұмыстың нақты бағыт-бағдарын айқындап берді. Тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын және бірқатар бағдарламалық құжаттарды дайындағаны белгілі. Жаңа жолдау елбасының өткен жылы жариялаған қазақстанның үшінші жаңғыруы тұғырнамасының жалғасы. Яғни, мақсат өзгеріссіз қала бермек. Дегенмен, бірқатар басымдық беретін тұстар бар. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев соларды атап, министрлер кабинетіне тиісті тапсырмалар жүктеді. Мәселен, өткен жылы ел экономикасы серпінді дамыды. Жыл қорытындысында жалпы ішкі өнім 4 пайызға артып, өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 пайыздан асты. Өңдеуші сектордың экономикадағы үлесі 40 пайызды еңсерді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-2017 жылы Қазақстан экономикасы экономикалық жағдайдың біртіндеп жақсару жағдайында дамыды. Өткен жылдың ішінде жаһандық өсу фазасы орнықтылығын сақтағанын назарға ала отырып, халықаралық валюталық қор қазандығы әлемдік экономиканың өсуі бойынша 2017 жылғы 3,6% және 2018 жылғы 3,7%-ға дейін жақсартты.

Жолдаудағы жоспар осы жетістіктерді әрі қарай жетілдіруді көздейді. Мәселен, денсаулық сақтау саласына тоқталсақ. Бүгін жауапты министрлікке саланы цифрландыруды жеделдету үшін электрондық денсаулық паспорты жобасын жазға дейін жүзеге асырып, жыл соңына дейін барлық ауыл-аймақтар мен өңірлердегі медициналық мекемелерді ақпараттық жүйелермен 100 пайыз қамту тапсырылды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басқарудың тазалығын қамтамасыз ету. Осыған орай министрлікпен өңірлермен бірге денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамыту бойынша жоба жүзеге асырылуда. Интеграцияланған медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау ұйымдары желісі нұсқасын өзгерту. Жеке инвестицияларды тарту арқылы инфрақұрылымды жаңғырту.

Жолдауда халықты әлеуметтік қамтып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұлттық қор резервтерін ұлғайту мәселесі де айтылған. Мысалы өткен жыл қорытындысында алтын-валюталық жинақ мөлшері өскен. Бас банкир, нақты сандар келтірді.  

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

-Алдын ала деректер бойынша 2017 жылдың қорытындысында елдің алтын-валюталы қоры 31,1 миллиард долларды құрады. Яғни бір жылда 4,7 пайыз өсім байқалып отыр. Шетелдік валютадағы ұлттық қор активтері жыл аяғында 57,7 миллиард долларды құрады.

Енді елбасының халыққа Жолдауындағы міндеттерді іске асыру үшін шамамен 70 млрд теңге қаражат керек.

«Бірақ нақты сома ұлттық жоспар әзірленген соң белгілі болады», – дейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Айтуынша, қазір республикалық және жергілікті бюджеттің қалдықтары 225 млрд теңгеден асады. Бұл сомма ағымдағы жылы бюджетті нақтылауға және Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға бағытталады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Үкімет отырысында біз Елбасының жолдауын іске асыру туралы шараларды талқыладық. Тиісті тапсармалар барлық мемлекеттік органда бар. Біз осы күні жалпыұлттық жоспарды әзірлеп отырмыз. Соның ішінде тиісті мемлекеттік органдармен тиісті есеп жүргізетін боламыз. Алдын ала есеп бойынша берілген тапсырмаларды орындауға 70 млрд теңге керек болып тұр.

Тапсырмаларды орындайтын жауапты органдар нақтыланғаннан кейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне маңызды құжатты іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдау керектігін тағы ескертті.

Авторлары: Жұрағат Баман, Ерсін Мұхамбеталин

Last modified on