×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Елбасы Жолдауындағы басымдықтарды іске асыруда озық технологиялар зор қызмет атқарады

Елбасы Жолдауындағы басымдықтарды іске асыруда озық технологиялар зор қызмет атқарады

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің қуатты діңгегі сандық жүйеде. Цифрландыру өміріміздің барлық саласына мықтап енуі қажет. Сонда ғана өнімділік артып, озық нәтижелерге қол жеткіземіз. Елбасы атаған 10 басымдықты еңсеру үшін жаңа технологияны жан-жақты қолданамыз. Сарапшылар осылай дейді.

Тілектес Есболов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры

-Америка Құрама Штаттарындағы ауылшаруашылық департаментімен қазір нақты келісім-шартқа қол қойылып отыр. Американың космостық агентімен мынау ақпараттық бағдарламасын басқару жүйелерімен келісім-шарт арқылы қазір жаңа технологияларды Қазақстанға, біздің ауылшаруашылығына енгізуге мүмкіндік алып отырмыз.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры:

-Елбасы жолдауында нақты айтқандай үкіметтік жоспар құрылды. Премьер министр басқаратын латынға байланысты, латынға көшуге байланысты ұлттық коммиссия ай сайын қазір отырыстарын жүргізіп жатыр. СКЛ. келесі аптада кезекті отырыс болады. Сол отырыста ең маңызды ең керекті мәселелер қарастырылып жатыр. Ел болып кәдімгідей бүкіл мемлекеттік мекемелер мемлекеттік емес мекемелер осы мәселені ары қарай жоспарлы түрде асықпай байбаламдамай науқанға бой алдырмай жүйелі түрде іске асырмақшы.

Фатима Жақыпова, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

-Өткен жылдың желтоқсан айныда «Цифрлы Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарлама бекітілген. Сол бағдарламаның бір бөлігі ретінде «Цифрлы академия» деген жоба іске асырылады. Бұл бағытта ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының міндеті мемлекеттік қызметшілердің Ай-Ти компетенциялары, сондай-ақ оларды қазіргі таңда бар заманауи технологиялармен жұмыс істеуге соның арқасында Қазақстандықтарға сапалы жедел және ашық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге үйретеміз.

Жолдауда Елбасы әлеуметтік салаға ерекше тоқталып, төлемдердің нақты өсім көрсеткіштерін келтірген. Зейнетақы, атаулы адрестік көмектен бөлек мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрін алатын болады. Сондай-ақ сандық технология салдарынан босаған мамандарды оқыту жұмысы қолға алынады. 

Бақытжан Әбдірайымов, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы:

-Ең біріншіден, біз кәсіподақ мүшелеріне түсіндіруіміз керек, бұл кімге мүмкіндік туғызады, ал кімге қиындық туғызады. Әрине жұмыссыздық пайда болады. Кімде жұмыссыздық пайда болатынын, қай категориялы азаматтараға біз алдын ала түсіндіруіміз керек. Қазірден бастап мемлекет ерекше көңіл бөліп әртүрлі жаңа курстар, жергілікті әкімшіліктермен бірігіп, «Атамекен» палатасымен бірігіп, әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп әр-түрлі курстар  өткізіп жатыр. Және Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі таңда кәсіптік техникалық лицейде бірінші мамандықты тегін беріп жатыр. Осының бәрін қазіргі жастар пайдалануы керек. 

Зарема Шәукенова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

-Егер мектепке дейінгі білім берудегі жолдау жүктеген міндетке келсек, ол балабақшадағы оқу бағдарламасын  бірізді стандартқа келтіру мәселесі. Ол өте маңызды қадам болар еді. Ал орта білімге келсек, жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жайы айтылған. Бұл заман талабы дер едім. Сандық жүйеге өтуде білім мазмұны соған сай берілуі тиіс.

Last modified on