×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Еліміздегі 17 мектепке «кәсіпкерлік негіздері» сабағы енді

Еліміздегі 17 мектепке «кәсіпкерлік негіздері» сабағы енді

Жаңа жылдан бастап еліміздегі 17 мектепте «кәсіпкерлік негіздері» сабағы өтіп жатыр.

Соның бірі – Қарағанды қаласындағы №93 мектеп. Мұнда білікті ұстаздар 10-сыныптың оқушыларына бизнес жоспар жасаудың және кәсіп жүргізудің қыр-сырын үйретеді.

Бұған қоса, ай сайын табанды еңбегімен танымал бизнесменге айналған талапты жастар өз тәжірибелерімен бөліседі, дәріс оқиды. Сондай-ақ балалар өндіріс орындарына барып, олардың жұмысымен танысады. «Қазірдің өзінде кәсіп ашамын деп, талаптанып жүрген оқушылар өте көп», – дейді мұғалімдер. Қанатқақты жоба әзірге әр облыстан тек бір мектепте ғана жүзеге асуда. Келешекте барлық білім ошағының бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.

Күләш Мұсабекова, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі:

– Сабақтың үстінде балаларға сіздердің келешекте бизнеске деген құштарлықтарыңыз бар ма дегенде, қазір біздің балаларымыз біреуі ресторан ашамын, біреуі шаштараз ашамын деп, өздерінің шағын ғана бизнес жоспарларын жасап, дайындалып жатыр. Олардың құлшынысы шынымен де артып отыр.

Last modified on