×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Елімізде соңғы тәулік бойынша жолда қалған 338 адам құтқарылды

Елімізде соңғы тәулік бойынша жолда қалған 338 адам құтқарылды

Құтқарылғандардың он бесі – бала.

Қазір қалааралық автожолдарда бақылау күшейтілді.

Ердәулет Байдуллаев, тілші:

– Арқаға келген бұл жолғы аяз жұртты біраз әбігерге салғаны рас. Бүгінгі айтайын деп тұрғанымыз суық емес, сол суықтың адамдар жүрегін жылытқандығы жайында. Кешелі бері әлеуметтік желілерде қайырымдылық жасауға үндегендер көп болды. Игі бастаманың іске асырылуы қалай? Осыны анықтап көрейік.

Таң сәріден басталатын бірінші қиындық – жұмысқа уақытылы жету. Егер үйіңіз жылы аялдамаға жақын болса жақсы. Бірақ Астанада ондай орындар санаулы. Осыны ескеріп, 30 жеңіл көліктен құрылған топ қала бойынша жолаушыларды тегін тасымалдаумен айналысуда. Игі шараға қатысушы ретінде жеке тіркелмей, ақысыз адам тасымалдап жатқан өзге жүргізушілер де баршылық.

Блиц:

– Адам болғандықтан, басқаларды да түсінеміз. Бүгін мысалы бір әйел отырды. Жолдан алып кеттім. Мәдениет болу керек. Қиыншылықта бір-бірімізге көмек жасауымыз қажет.

Күннің аязына қарамай, қала тазалығымен айналысатындардың жұмысы тоқтаған жоқ. Олардың еңбегі ескеріліп, 200-ден астам адамға ыстық тамақ үлестірілді. Қажетті қаражатты елордалық жомарт жандар мешіт ұжымына жинап берген. Мұндағы мамандар астан артылған ақшаға көмір сатып алыпты. Тұрмыс жағдайы төмен 15 отбасына 1,5 тоннадан отын таратылады. Тағы да қаражат табылса, шара өз жалғасын табады.

Асқар Мұқанов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы:

– Көмектің маңыздылығы дінімізде, біздің салт-дәстүріміз де бір-біріне қолдау көрсетуге шақырады. Сондықтан адамдардың мейірімін ояту мақсатында Астана халқының бір-біріне жақын болуы үшін жасап отырмыз.

Ал семейлік жас кәсіпкер қала орталығындағы өз кеңсесінде «Тегін шай ішіп, жылынып алыңыз!» атты акция өткізуді қолға алды. Ол осылай үлгі көрсетіп, өзгелердің де осы бастамаға атсалысқанын қалайды. Жарнама ілінген есік кез келген адам үшін ашық.

Еркебұлан Тұрсын, шараны ұйымдастырушы:

– Қаңтар, ақпан айы – сарышұнақ аяздың келетін уақыты. Ізетпен үлкен акцияларды ұйымдастырып жатсақ, адамдар арасында сенімділік, бауырмашылдық сияқты асыл қасиеттер жаңғырады.

Психологиялық-моральдық жағынан тәрбиелік те мәні бар. Бұл жерде адамдар бір-біріне көмектесу керек.

Кез келген көмек үлкен маңызға ие екендігін Ақмола облысында орын алған қазалы жағдайдан да көруге болады. Үш адам үсік шалып, мерт болғаннан кейін уақытша үйсіз қалғандар арнайы орталыққа жеткізілуде. Бүгін олардың саны 50-ден асыпты.

Павлодарда 58 адам жылыту пунктіне жеткізілген. Бәрі де – Өзбекстан азаматтары. Олар мінген автобус қалаға кірер тұста сынып, құтқарушыларды көмекке шақырыпты. 

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Серік Қоңырбаев

Last modified on