×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Жаңа технологияларды енгізуді іске асыру барысын арнайы комиссия бақылайды

Жаңа технологияларды енгізуді іске асыру барысын арнайы комиссия бақылайды

Елдегі барлық салалар сандық форматқа енгізіледі.

Жаңа технологияларды бейімдеу мен таңдау жөніндегі ұсыныстарды және оның жүзеге асырылу барысын Президенттің жанындағы арнайы комиссия бақылап отыратын болады. Оның құрамына Үкімет басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Бас прокурор мен елдегі барлық министрліктердің жетекшілері енгізілді. Ал 2 ақпанда Алматыда цифрландыруға арналған халықаралық форум өтеді. Оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысады.

Елбасының жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі, ядролық қарудан бас тарту, халықаралық қақтығыстарға тосқауыл қою жайлы бастамасын жоғары бағалаймыз. Алматыда өткен халықаралық конференцияда шетел мамандары осылай деді. Келер ұрпақты жаппай қырып, жоятын қарудан сақтау – БҰҰ басты мақсатының бірі. Бұл мәселенің маңызын Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында баяндаған. Сарапшылар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңызына да тоқталды. Конференцияға оннан аса елдің және БҰҰ-ның өкілдері қатысты.

Властимил Самек, БҰҰ хатшылығының қоғамды ақпараттандыру департаментінің өкілі:

-Біз мұнда өте маңызды мәселенің қозғалғанын көріп отырмыз. Нәтижесінде Қазақстанның халықаралық саясаттағы беделі арта түсті. Жаппай қырып, жоятын қарусыз әлем қалыптастырудың алғашқы қадамдары сәтті жасалды деп ойлаймын.

Last modified on