×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Үкіметте Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша бас келісімге қол қойылды

Үкіметте Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша бас келісімге қол қойылды

Үкімет үйінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша республикалық үш жақты комиссияның отырысы өтті.

Басқосуда мемлекетіміздің әлеуметтік-еңбек саясатының маңызды бағыттары бағдарланып, азаматтардың жұмыс істеуіне лайықты жағдай жасау мәселелері көтерілді. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктер қарастыру» тапсырмасы басты назарға алынды. Талқыны түйіндеген тараптар 2020 жылға дейінгі еңбек қатынастарының басым бағыттарын реттейтін бас келісімге қол қойды. Құжатты Үкімет, республикалық жұмыс берушілер және жұмысшылар бірлестіктері жұмыла жүзеге асыратын болады. Осыған орай ортақ  міндетемелерді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса бекітілді. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Онда негізгі 7 құрамнан белгіленген тарауларды белгіледік. Олардың барлығы Елбасының 3-модернизациядан келіп шығатын тапсырмаларына байланысты келісілген. Ең негізгі мәселе ол жаңа технологияларлы ендіру, экономикадағы цифровизация мәселелері, осы цифровизацияға қажетті мамандар даярлау мәселесі, мамандардың жалпы сапасы, соынмен бірге азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері негізінде қамтылды.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

-Біз мына адами капиталды дамыту жөнінде ерекше көңіл бөліп жатқанымыз біз оларды дамытпай, оларды жаңа кәсіптерге үйретпей, жаңа компетенция бермей жаңа бағытқа жаңа белестерге шыға алмаймыз. 

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

-Үкімет тарапынан кәсіпкерлерге қазір жасалып жатқан саясат одан ары қарай жалғастыра беру керек. Яғни бизнес климатты ары қарай нысандандыру, бизнеске қоғамда жақсы жағдай жасау, заң жағынан болсын, үкіметтік бағдарламалар болсын, салық саласы бар. Үлкен қоян-қолтық жұмыс жасалып жатыр, осы жұмыстарды қарқынды жүргізу деген әрқайсымыз мойнымызға міндеттеме алып отырмыз.

Last modified on