×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Елбасы Жолдауында айқындалған мақсаттар еліміздің терезесін озық елдермен теңестіреді

Елбасы Жолдауында айқындалған мақсаттар еліміздің терезесін озық елдермен теңестіреді

Қазақстан ішкі саяси бастамалары арқылы ТМД елдері арасында көшбасшы екенін дәлелдеп келеді.

Сондай-ақ инвестициялық, қаржылық бағыт пен білім беру саласында өзгеге үлгі бола алады. Бұл ресейлік сарапшылардың пікірі. Мәскеуде «Қазақстандық бағытта жаңғыру: 2018 жылдың басымдықтары» тақырыбында жиын өтті. Онда ғалымдар, саясаткерлер мен сарапшылар Елбасының биылғы Жолдауын талқылады. Қатысушылар маңызды құжатта айтылған адами капиталды дамыту бағытын айрықша атап өтті.

«Жолдауда айқындалған мақсат Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, озық елдермен терезесін  теңестіреді», - дейді сарапшылар. 

Георгий Петров, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы президентінің кеңесшісі:

-Қазақстан экономикалық тұрғыда қарыштап дамып келеді. Келешекке нақты жоспары жасалды. Ал оны жүзеге асыруға Жолдау темірқазық болмақ. Мұндай қарқынмен өркендеген елдеріңіз әлемнің озық отыз мемлекетімен теңесе алады. 

Андрей Казанцев, Орталық Азия және Ауғанстан мәселесі бойынша зерттеу орталығының директоры:

-Нұрсұлтан Назарбаевтың адами капиталды дамыту қажет дегені халықтың жағдайына айрықша басымдық бергені деп білемін. Мәселен, бүгінде Қазақстанда білім беру саласын жаңғырту үшін реформалар жасалып жатыр. Үш тұғырлы тіл саясатына да ерекше ден қойылған. Бұл өз кезегінде жастарды бәсекеге қабілетті етеді. Ал жас буын зияткер болса елдің келешегі кемел деген сөз.

Last modified on