×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

ҚР ҰҒА-да ғылым жүйесін дамыту жолдары талқыланды

ҚР ҰҒА-да ғылым жүйесін дамыту жолдары талқыланды

Бүгінде отандық ғылымдағы жетістіктер аз емес. Десек те ғаламдық технологиялық ілгерілеу кезеңіне сай үнемі іздену қажет.

Елбасы Жолдауында «ақылды» және «сандық» технологияға басымдық берілуі де сол себеппен болып отыр. Ұлттық ғылым академиясында мамандар ғылымның әлеуеті, тың зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми жүйені дамыту жолдарын талқылады. Академияда ақпараттық технология институты жұмыс істейді. Онда әлем орталықтарымен бірге сандық платформада зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар. Америка, Жапония, Еуропа елдері патенттерін иеленген ғалымдарымыз бар. Ғылым мен өндіріс байланысы артуда. Мамандар мұнай өңдеу зауыттарында құрамында ауыр металл бар суды тазарту әдісін енгізді. 

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА Президенті:

-Біздің ұлттық ғылым академиясының бір журналы қазір «СКОПУС-қа» кірді. Дүниежүзілік база. 5 журналымыз соның ең соңғы 10-шы сатысында тұр. Ол да кіреді. Бұл журналдарды біз 73 мемлекетке таратамыз. Сонда біз қазақстанда ғылым саласында не болып жатыр соның бәрін бүкіл дүние жүзі біліп отырады.

Ғалымқайыр Мұтанов, ҚазҰУ ректоры:

-Экономиканы диверсификациялау мәселесі талай жылдан бері көтеріліп келе жатыр,  қазіргі үлкен жақсы мүмкіндік мына цифрлық технологияларды тезірек меңгеріп, сол бағытта барлық экономиканың өндірістің жалпы еліміздің басты-басты бағыттарына осы цифрлық технологияларды енгізетін болсақ, онда жаңа сатыға, жаңа сапаға еліміздің дамуын көтереді деген біз толық сенімдеміз.

Last modified on