Қоғам

«Шаттық» фестивалі мәресіне жетті 

«Шаттық» фестивалі мәресіне жетті 

Астанада 12 елдің өнерлі жас өрендерінің басын қосқан балалар шығармашылығының «Шаттық» фестивалі аяқталды.

Халықаралық дәрежедегі байқауға биыл 600-ден астам ұл-қыз қатысты. «Үздік хореография» аталымы бойынша жүлдені Петропавл қаласының намысын қорғаған топ еншіледі.

Ал «Үздік вокал» аталымында қостанайлық оқушыға тең келер дарынды жас табылмады. «Халықтық орындау» аталымы бойынша өзбекстандық қатысушы үздік атанды. Енді олар Испания, Сербия, Болгария және Чехияда өтетін халықаралық байқауларға аттанып, сонда ел намысын қорғайды.  

Қарлығаш Әбдікәрімова, фестиваль ұйымдастырушысы:

-Олардан да Роза шығады, олардан да Бибігүл шығады. Олардан да Әлібек Днишев шығады деп күтеміз. Димаштың өзі де осындай кішкентай балалардан шығып отыр ғой қазіргі міне. Сондықтан да осы балалардың ішінен көптеген-көптеген таланттар шығатынына мен өте сенемін. Себебі олар бүгін өзінің өнерін халыққа көрсетіп жатыр. Әрбір Қазақстанның түкпірінен, ауылдан келген балалар бар.

Last modified on