×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Қоғам

Қызылорда облысында ет консервілеу зауыты салынады

Қызылорда облысында ет консервілеу зауыты салынады OKnews.kz

Қазалы ауданында ет консервілеу зауытын салу жоспарлануда, ет кластері бойынша дайындық жұмысы жүргізілуде. Қызылорда облысының әкімдігі хабарлағандай, аймақта «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар іске асырылуда. 

Қазалы ауданындағы «Сыр Маржаны» ЖШС-нің 500 басқа арналып салынған МІҚ малын бордақылау алаңында жыл басынан бері 200-ден астам сиыр бордақыланып, оның 100-і сойып, сатылды.     

Бүгінгі күні  алаңның қуаттылығын 3000 басқа ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар алаң жанынан ет консервілеу зауытын ашу жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары басталды.  

РФ Астрахань қаласының әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару жөнінде меморандум жасау бойынша келіссөздер жүргізілуде.  

Мал шаруашылығының дамуына дем берген «Сыбаға» бағдарламасы аясында осы жылы 262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасында ІҚМ етін экспортық әлеуетін дамыту жобасын» «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгроӨнім» АҚ Елбасының АӨК экспорттық әлеуетін ұлғайту қажеттігі туралы тапсырмасын орындау үшін әзірлеген. 

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Last modified on