Қоғам

Қазақ ғалымы 1 минутта қуат жинайтын батарея ойлап тапты

Қазақ ғалымы 1 минутта қуат жинайтын батарея ойлап тапты

Көп ұзамай ұялы телефондарға арналған литий-йонды аккумуляторларды небәрі 1 минутта қуатталатын күкіртті батареялар алмастыруы мүмкін.

Тың жаңалықтың авторы – профессор Жұмабай Бәкенов. Ол өнертабысын Назарбаев Универтисетінде өткен халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясында таныстырды. Жаңа өнім 30% арзан және энергия сақтау мүмкіндігі 10 есеге жоғары. Ең бастысы – адам өмірі үшін қауіпсіз. Себебі батарея өндірісінде қолданылатын кобальт, марганец және қорғасын күкіртпен алмастырылған. ЭКСПО көрмесіне қойылған жоба 15 млн долларға бағалананып отыр.

Жұмабай Бәкенов, техника ғылымдарының докторы, профессор: 

-Бұл аккумуляторды біз кез келген мобильді қолдануға жарайды деп айта аламыз. 1 минутта зарядтап аласыз, қазіргі аккумуляторды оларды 2-3 айда ауыстырып отыру керек. Біздің аккумуляторды күнде емес, 4-5 күнде бір зарядтайсыз.

Last modified on