×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Қоғам

Қазақ-Әзербайжан жастары әріптестік меморандумға қол қойды

Қазақ-Әзербайжан жастары әріптестік меморандумға қол қойды

Ақтауда қазақ-әзербайжан жастары екіжақты әріптестік меморандумға қол қойды.

Игі бастама Каспий жағалауы елдерінің тұңғыш өтіп жатқан жастар форумы аясында жүзеге асты. Көршілес мемлекеттен келген жас буын өкілдері «Рухани жаңғыру» жобасының қазақ ұлтының болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Қонақтардың сөзінше, бұл – түркітілдес халықтарға үлгі болуға лайық бағдарлама.

Данияр Сүндетбай, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Біз көріп тұрғандай, осы мақала бойынша Әзербайжан жастары да көптеген қызығушылықтарды білдіріп жатыр. Мысалы, латынға көшу. Әзербайжан посткеңестік кеңістікте бірінші болып латын әрпіне көшкен. Енді біздің арамызда ынтымақ күшейе түседі. Өйткені біздің арамызда бір алфавит болады. Түркітілдес мемлекеттер арасында қазір үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалға, біз бірнеше ай бұрын Өзбекстан жастарымен де меморандумға қол қойған болатынбыз. Сонымен қатар қырғыз жастарымен де.

Last modified on