×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Қоғам

«Хабар» Агенттігі биыл көрермендерін қандай тың туындыларымен таңғалдырады?

«Хабар» Агенттігі биыл көрермендерін қандай тың туындыларымен таңғалдырады?

«Хабар» Агенттігі биыл көрермендерін қандай тың туындыларымен таңғалдырады? Жұртқа ұсынылатын жобалар, бағдарламалар мен телешоулардың мазмұны қандай? Осы сәтте «Қазмедиа орталығында» агенттігіміз жаңа телемаусымының тұсаукесерін өткізіп жатыр.

Жұрағат Баман, тілші:

– Дәл қазір «Қазмедиа орталығында» жаңа маусымның тұсаукесері өтіп жатыр. Мұнда медиа саланың майталмандары, танымал тележүргізушілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері «Хабар» Агенттігінің» түрлі жобаларында, фильмдерінде түскен актерлер мен әншілердің бәрі осында. Арнайы жабдықталған студияда қонақтарға жаңа маусымда көрермен назарынаұсынылатын жобалардыңтаныстырылымы өтеді. Жалпы эфирдегі 22 жылда «Хабар» Агенттігі» көрерменді ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік-танымдық бағдарламалармен қуантып келеді. Және бұл басы ғана.

Дәурен АбаевҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Қазіргі күні Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде үлкен саяси, экономикалық және рухани жаңғыру жүріп жатыр. Осы істің маңызы мен мақсатын жеткізіп, халықты жұмылдыру, тікелей ақпараттық жұмысқа байланысты. «Хабар» – солардың ішіндегі бетке ұстары. Телеарна көпжылдық ізденістер арқасында үлкен медиаұйымға айналып, қазір ең басты ұлттық оператор ретінде қызмет етуде.

Агенттіктің телеотбасында, яғни «Хабар», «Хабар 24», «Еларна» мен Kazakh TV телеарналарында жаңа бағдарламалар көптеп әзірленді. Бірқатарына тоқталсақ, көгілдір экранға жуырда ғана жол тартса да, өз аудиториясын жинап үлгерген «Білу маңызды», «Біздің назарда», «Давайте говорить» әлеуметтік бағдарламалар биыл да жалғасады. Бесжылдық мерейтойын атап өткен елдің ақпараттық «Хабар 24» арнасы осы күзде бірқатар жаңа жобамен толықты. Басым бағыт ақпараттық-сараптамалық, саяси-экономикалық, мәдени-спорттық бағдарламалар. «Хабар» агенттігі ізгілік, адамгершілік, махаббат, адалдық сияқты адами құндылықтарды насихаттау дәстүрін жалғастыра бермек. Ал «Еларна» каналы жаңа маусымда көрермендер назарына ұсынылатын кино, телехикаялар да осы ұстанымға негізделген. KazakhTV арнасына тоқталсақ. Бұл арнада көрсетілетін контенттің 100 пайызы – отандық өнім. Және бұның бәрі әлемнің 4 континентіндегі 180 елге көрсетіледі.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:

– Біз агенттік ретінде, үлкен медиахолдинг ретінде, ескі дәстүрлерді бұзбай, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар жанрында болсын, деректі публицистикалық жанрда болсын, отандық телехикаялар өндірісінде болсын, басымдықты әлеуметтік-рухани тақырыптарға бере отырып, көрерменге жаңа өнімдер ұсынуды өзіміздің басты мақсат ретінде санаймыз. Бірқатары эфирге шықты. Көрерменнің назарына ұсынылды. Енді бүгінгі тұсаукесердің мақсаты сол шыққан дүниелерді осы күзде көрерменге әлі де жол тартатын дүниелерді біздің әріптестерге, зиялы қауым өкілдеріне көрсетіп таныстыру. Жалпы алғанда, біздің партнерлерге, көпшілік көрерменнің ойынан шығатын, рухани азық алатын мазмұнды дүниелер болады деген сенімдеміз.

Мейрамбек Беспаев, әнші, «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасының жүргізушісі:

– Қазақ эстрадасында жұлдыздарымыздың басым көпшілігі тер төгіп жатыр, еңбек етіп жатыр. Бірақ біз соңғы кезде, 10 жылдың ішінде деп айтайық, үлкен залдарды толтырып жатқан, стадиондарды толтырып жүрген, сапалы дүниелер жасап жүрген жұлдыздарымызды біз бір арнаға тоғыстыруға тырыстық. Егер жеке-жеке арнасақ, концерт болып кетуі мүмкін. Бірақ сайыс ретінде қалай болады екен, деңгейі қалай, жалпы жанды дауыста болсын қазіргі жұлдыздардың бабы қалай, соларды көрсету үшін сіздердің назарларыңызға ұсындық. Көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз. Осындай мүмкіндік берген «Хабар» арнасына алғысым шексіз.

Last modified on