×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Маңғыстау облысындағы саябаққа «Мәңгілік ел» монументі орнатылды

Маңғыстау облысындағы саябаққа «Мәңгілік ел» монументі орнатылды

Маңғыстаудың ең жас ауданы Мұнайлыға 10 жыл толды. Мерейлі мерекеде Маңғыстау ауылында «Мәңгілік ел» монументі бой көтерді. Тәуелсіздік саябағына қойылған сәулет ескерткішін жергілікті шеберлер жасаған.

Ұлутастан салынған нышанның биіктігі 12 метр екен. Төбесіне алтын қыран қонған монумент жанында «Мұнайлы колоннасы» тұр. Жеті бағана Елбасы жарлығымен 2007 жылы құрылған ауданға қарасты елді мекендер санын білдіреді. Саябақ құрылысы мен абаттандыруға туған жерін түлетуге ниетті азаматтар қол ұшын беріпті. Мерейтойға келген көпшілік Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан және тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандықтарға арналған ескерткіш тақталарға гүл шоғын қойды. Салтанатты шара  2050 жылғы жас ұрпаққа аманат-хат салынған капсуланы саябаққа қоюмен түйінделді.

Алдаберген Амандық, Мұнайлы ауданының тұрғыны: 

-Қирап қалған саябақты қолға алып аудан әкімі азаматтары мынадай келбетті «Мәңгілік ел» боларлық, ел жақсы демаларлық саябаққа айналдырды. Бұл азаматтардың жасап жатқан әрекеттері – қуанарлық іс. Мен алғаш кезде келгенімде бұл жерде 10 шақты ғана үй бар еді. Қазір адам танымастай. Халқымыздың саны 150 мыңға тарта көбейді. Бұл, шүкір, егемендіктің арқасы деп ойлаймын.

Last modified on