×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Шымкент тұрғындары бензин тапшылығын бастан кешіріп отыр

Шымкент тұрғындары бензин тапшылығын бастан кешіріп отыр

Шымкентте бензин таппай, жанармай құю бекеттерінің арасын жол қылған көліктер көп болды. Ертелеп, ел жұмысқа асығып жақан кезде жанармайы таусылған соң темір тұлпарын жолда қаңтарып кеткендер де бар.

Жағдай түс ауа біршама өзгерді. «Жанар-жағармай» заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров облыста отынның 4-5 күнге ғана жететін қоры қалғанын айтады. Осы айдың өзінде аймақта 35 мың тоннаға жуық АИ-92 маркалы бензин сатылыпты. Әзірге он шақты күнге жететін қор жинау мүмкін болмай тұрған көрінеді. 

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы: 

-Мынау шағын және орта бизнес туралы айтатын болсақ, олардың айдың басында алған көлемі айдың соңына қарай бітіп қалуына байланысты әлі келесі мұнай өнімдерінің партиясын ала алмай жатыр. Біраз ірі компанияларға жөнелтіліп жатқандықтан, бізде тұрақтылық бар.

Last modified on