×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Туған жер: Шетпе ауылында спорт кешені ашылды

Туған жер: Шетпе ауылында спорт кешені ашылды

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылынан шыққан кәсіпкер жерлестеріне тамаша тарту жасады.

Ауылда заман талабына сай салынған спорт кешені ашылды. 

Сұңғат Мұңалбаев кешен құрылысына 200 млн теңгесін жұмсаған. Мұнда бір мезгілде 100 адамға дейін жаттыға алады. Спорт кешенінде волейбол, баскетбол мен шағын футбол залдарымен қатар, талапқа сай жабық бассейн ашылды. Бокс пен күрес үйірмелері жұмыс істей бастады.

Тап осындай спорт кешендері Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық сияқты 6 бірдей ауылда салынып жатыр.  

Сабақбай Тілегенов, ҚР құрметті спорт қайраткері:

– Ауданымыз спорттан кенде емес. Әлем чемпиондары, Азия чемпиондары қасымызда жүр. Енді осы біздің биік шыңымыз. Жасымыз келсе де, Олимпиада чемпионын дайындайтын ойымыз бар. Спорттың шыңына шығатындардың көбі ауылды жерден. Сондықтан да балаларымыздан да, қыздарымыздан да дәмеміз зор.  

Last modified on