×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Француз суретшілері Шымкент қаласына ерекше тарту жасады

Француз суретшілері Шымкент қаласына ерекше тарту жасады

Француз суретшілері Шымкенттегі үлкен ғимараттардың қабырғасын түрлі бейнемен көркемдеп жатыр.

Граффити стиліндегі алғашқы жұмыс қаланың Темірлан тасжолының бойындағы ғимараттың қабырғасында пайда болды.

Суретшілердің пайымынша, мұнда Францияның символы секілді ұлттық бас киім киген қыз бала мен қызғалдақтар, теңіз, сосын өздері ұшып келген ұшақтың суреті салынады.

Ал келесі ғимараттың қабырғасына көне Шымқала мен мегополис Шымкенттің сұлу суреті басылады. Шымкенттегі Француз альянсының ашылу салтанатына орай Францияның елшілігі осындай сый жасап отыр.

Джесси Монлуи, бонэр, граффитші:

– Біз екі елдің, Қазақстан мен Францияның достығын көрсететіндей концепция жасадық. Қызғалдақ салдық, оның Шымкент үшін қандай маңызы барын білеміз. Мен екі досыммен бірге ойлаған суреттермізді үш күнде салып бітеміз деп ойлаймын.

 

Last modified on