×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Отырысқа Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының меңгерушілері мен ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда экономиканы, саясат пен қоғамдық сананы қамтитын жүйелі әрі ауқымды жаңғырту басталып кеткенін атап өтті.

– Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ассамблея жұмысына тың серпін берді, – деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жөніндегі жобаларды іске асыруға барлық этномәдени бірлестіктің атсалысуы керек екеніне назар аударды.

Г.Әбдіқалықова елімізде 1 338 этномәдени бірлестіктің жұмыс істейтінін, сондай-ақ 41 достық үйі ашылып, 3 мыңдай қоғамдық келісім кеңестері қызмет атқарып жатқанын атап өтті. 500 мыңнан астам адам, 18 мыңнан астам ұйым 4,1 млрд теңгеден астам қаражат көлемінде қайырымдылық көмек алды.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан 2018 жылы елорданың 20 жылдығын атап өтетінін айтты. Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы, Президент идеясының іске асыруының көрінісі және бүкіл халықтың еңбегінің нәтижесі. Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Жиын барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы, «Қазақстан халқы» интерактивтік тарих картасының, көп функционалды мультимедиялық порталдың әзірлену барысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы Павлодар облыстық Ассамблеясының тәжірибесі талқыланды.

Кеңес ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, Қазақстан Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасына «Бiрлiк» алтын медалімен, «Жомарт жан» төсбелгісімен, ҚХА Төрағасының құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізді.

 

 

 

Last modified on