×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Қоғам

Қостанай облысында бензин таусылуға таяп қалды

Қостанай облысында бензин таусылуға таяп қалды

Қостанай өңірінде АИ-80 бензині таусылуға таяу. Небәрі 6 күнге жететін қор қалған.

Жөндеуге тоқтаған Атырау мұнай өңдеу зауыты қазір іске қосылды. Бірақ Тобыл өңіріне осы күнге дейін ешбір вагон бензин жіберілмеген. Жергілікті операторлар жанар-жағармайды Ресейден тасымалдауға мәжбүр. Облыста АИ-92 және дизель отыны баршылық. Мәселе тек АИ-80 төңірегінде туындап отыр. Елімізде бензиннің бұл түріне баға шектеуі енгізілген. Литрін 89 теңгеден асыруға болмайды.

Мұрат Шаимов, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:

-Қазір Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылғанша қолымыздағы АИ-92 бензині мен дизель отынның жеткілікті қоры бар. Ал АИ-80 бензиніне облыста тапшылық болып отыр. Энергетика министрлігіне қараша айына 1571 тоннаға тапсырыс бергенбіз. Алайда әзірге ештеңе алған жоқпыз. Аймақтардың қажеттілігін өтеу үшін орталық деңгейде АИ-80 бензинінің кепілдендірілген өндіріс көлемінің кестесін нақты бекіткен дұрыс деп санаймыз.

Last modified on