×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі арта түсуде

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі арта түсуде inform.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі 30 пайызға артты.

Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті. «2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 373,7 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 30,0 пайызға артты. Оның ішінде   экспорт 3 718,0 млн АҚШ доллары (33,9  пайызға өсті), импорт 8 655,7 млн АҚШ доллары (28,4 пайызға өсті) болды», делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда  айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі – 92,0, Қырғызстан Республикасы – 4,4, Беларусь Республикасы – 3,6 пайызға тең.

Ақпарат көзі:  inform.kz

Last modified on