×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Қоғам

Жаңаөзенде жаңа жылу электр станциясы іске қосылды

Жаңаөзенде жаңа жылу электр станциясы іске қосылды

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында жаңа жылу электр станциясы іске қосылды.

Әлеуметтік маңызы бар жоба «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мемлекет қазынасынан бөлінген 7 млрд теңгеге ескі жылу орталығы толық жаңғыртылып кеңейтілді. 6 бірдей су жаңа жылу қазандығы мен 3 бу турбинасы салынды. Осы жұмыстардың нәтижесінде станция қаланы үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге көшті. Алғаш рет электр энергиясын өндіріп, бірқатар кәсіпорынға тоқ бере бастады. Жаңғырту жұмыстарының арқасында кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туды. Жаңа жұмыс орындары ашылды.

Әділбек Рубинов, «Өзен жылу» МКК директоры:

Бұл кешенге қажетті мамандар атап айтсақ, программист дейміз, слесарь, сосын турбинамен жұмыс істейтін машинистеріміз, операторларымыз, электриктеріміз, кипи автоматикамен айналысатын жөндеушілер өте қажет болады. Соған енді жастарды жұмысқа тартып жатқан жағдайымыз бар.

Last modified on