×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Қоғам

Әскери-патриоттық қызметте ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы меморандум қабылданды

Әскери-патриоттық қызметте ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы меморандум қабылданды

Қазақстанда жастардың әскери қозғалысын дамыту бойынша республикалық бағдарлама жасақталуы мүмкін.

Осыған қатысты өз ұсынысын әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кездесуде Сенат депутаты Дариға Назарбаева жариялады. Шараға министрлер, күш құрылымдарының өкілдері, халық қалаулылары мен кадет сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты. Келелі жиында айтылған ұсыныстардың бірқатары Парламенттің кезекті отырысында қаралуы мүмкін. Ал әскери-патриоттық қызметте ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы меморандум қабылданды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қарулы күштердің қатарында азаматтық борыштарыңызды өтеп, еліміздің шекарасын күзетіп, аталарымыздың ұйқысын тыныш ету сенімі сіздердің қолдарыңызда. Осы жұмысқа жақсылап тұрып, белсенді түрде қатысып отырғандарыңызға, бәріміз осы жерде жиналып, өздеріңіздің патриоттық сезімдеріңізді көрсеткендеріңізге алғысымды білдіргім келеді.

Last modified on