×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

ШҚО-да өндіріс көлемі 545 есеге артқан

ШҚО-да өндіріс көлемі 545 есеге артқан

Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын шығысқазақстандықтар толағай табыспен қарсы алуда. Өңір ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосты.

Өндіріс көлемі 545 есеге артқан. Тағы жүздеген әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға берілді. Абыройы асқақ өңір мен ел тынысы арнайы мерекелік шара барысында сөз болды.

Шығыс Қазақстан – түрлі салада көш бастап келе жатқан бірегей өңір. Тәуелсіздік жылдары облыста 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылдың өзінде 120-ға жуық көп пәтерлі баспанада қоныс тойы тойланды. 26 жыл ішінде 141 мектеп салынса, 125 балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан. Соның нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бөбектер 100 пайыз тәрбие ошағымен қамтылды. Рухани бағытта кемелденуге ниетті елдің басты жетістігі осы.

Сағынбек Ақанов, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Жиырма алты жыл Елбасының «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасымен астасып отыр. Ол – ұлттық жаңғыру, жанданудың белгісі.

Шығысқазақстандықтар жарқын ғұмыр тәуелсіздіктің арқасы екенін айтады. Сондықтан еліміздің басты мерекесін ерекше ұлықтауда. Ақмарал Құрманғалиева – азат елдің ұланы. Бақытты елде ғұмыр кешіп жатқан жас маман бабалар аманатына қиянат жасамауды борышы санайды.

Ақмарал Құрманғалиева, мемлекеттік қызметші:

– Тәуелсіз еліміздің ұрпағы ретінде қазақ елінің дамуы үшін үлес қосамын. Осы еліміздің әлеуметтік саласын дамыту үшін ең алдымен жастардың белсенділігін арттыру керек. Осы бағытты дамыту үшін мен осы мемлекеттік қызметші ретінде жұмыс атқарып жатырмын.

Тәуелсіздік – бабалар мұрасы. Оны сақтап, ұрпаққа аманат етуде шығысқазақстандықтардың да үлесі зор.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Last modified on