×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Қоғам

Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды almaty.gov.kz

Алматы – тәуелсіздіктің ақ таңы атқан қала.

Бұдан 26 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіз ел атанғаны асқақ Алатаудың етегіндегі Алматыда жариялаған еді. Мерекеге байланысты тұрғындар, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері әдеттегідей Республика алаңындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды. Олар егемендіктің символына айналған монумент алдына жиналып, тарихқа тағзым жасап, тәубе етті. Ұлық мейрамға орай қала әкімдігі де арнайы іс-шаралар ұйымдастырған. Оңтүстік астанамыздың тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері орасан. Әлеуметтік-экономикалық өсіммен қатар халық саны да жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар биыл шаһарда мыңдаған отбасы шаттыққа кенеліп, баспаналы болды. Бұл тәуелсіздік тарту еткен елдіктің, татулық пен бірліктің жемісі.

Рахман Алшанов, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері:

-Біз бүгінде егемендіктің нәтижесін көріп отырмыз. Тұрақты экономика құрдық. Дамыған әлеуметтік сала, ғылым, білім, мәдениет, тізетін болсақ, көп нәрсе бар. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» деген бағдарламалар. Әлеуметтік саланың дамуы, үй құрылысы бойынша рекорд бұрын болмаған. Алматының өзінде үлкен жетістіктер бар. Инвестицияда 80 пайызы келіп жатыр. Қытаймен, Еуроодақпен қарым-қатынаста Қазақстанның үлесі басым.

Last modified on