×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Оқиға

Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды

Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды Фото: inform.kz

Алматы облысында Түрген өзені бассейнінде қар көшкіні жолды басып қалды.

«2018 жылғы 30 қаңтарда Түрген өзені бассейнінде Түрген ауылы - Батан шатқалы автожолында 4 рет табиғи қар көшкіні болып, жалпы көлемі 390 текше метрді құрады», – делінген хабарламада. Қардың көшуіне 29 қаңтарда Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулері себеп болған. Қазіргі кезде автожол тазаланған. Құрбан болғандар мен қирандылар жоқ.

«Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне, Түрген ауылдық округіне автожолдарды қардан тазалау шаралары жөнінде хат жіберілді», – дейді «Қазселденқұтқару» мемлекеттік мекемесіндегілер.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Last modified on