×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Оқиға

Балқаш көліне балық аулауға кеткен екі азамат іздестіріліп жатыр

Балқаш көліне балық аулауға кеткен екі азамат іздестіріліп жатыр

Балқаш көлінде із-түзсіз жоғалып кеткен екі балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

20 жастағы Арман Бораш пен Батырхан Жүнісов 24 қыркүйек күні таңертең Балқаш көлінде балық аулау үшін «Прогресс-4» катерімен Тасарал аралынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерге аттанған. Сол күннен бері балықшылардан еш хабар-ошар жоқ. Оларды әуелі жергілікті тұрғындар өз күштерімен іздеп көрген.

Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құтқару жасағының сүңгуірлері жүр. «Алайда қолайсыз ауа райы іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта толқын басылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бірақ қолайсыз ауа райы іздеу жұмыстарына қолайсыздық тудыруда. Жалпы іздестіру жұмыстарына 38 адам және 11 жүзу құралы жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен Төтенше жағдайлар комитеті балықшыларға суға жеке құтқару құралдарымен, тек ақаусыз қайық және басқа да жүзу құралдарымен шығуды ұсынады. Дауылды ауа райында суға шығу қауіптілігін ескертеді.

Last modified on