Саясат

Мемлекет басшысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Сала басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау бағытында атқарылған істерді баяндады.

Елбасы цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнес өкілдері атсалысуы қажет екенін айтты. «Бұл Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін керек», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Цифровизация этого направления экономик - все сейчас говорят об этом, все сейчас занимаются. Во-первых, мы это делаем чтобы не отстать. Программа реализации Казахстана утверждена. Государство на это выделяет немало денег. Мы должны на это тратить, мы должны делать. Потому что это будущее всей экономики страны во всех аспектах.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Цифрландыру бағдарламасы – сіз уақытылы көтерген бастама. 15 мемлекет осындай бадарламаны бекітті. Яғни бұл сұрақтарды барлығы қарастырып жатқан жоқ. Алайда Қазақстанда сіздің тікелей тапсырмаңызбен осындай бағдарлама жасалды және жүзеге асырылып жатыр. Егер әр бағытты жеке-жеке қарастырсақ, мәселен, инновациялы экожүйе құруға байланысты инновацияға сұраныс тудыру, таланттарды тарту, инфрақұрылым түзу, венчурлық қаржыландыру сияқты жұмыстар атқарылып, сіздің Жолдау аясында тапсырған заң жобасы әзірленуде.

Елбасы цифрландырудың арқасында ел экономикасы 30 пайызға өсуі керектігін айтты. Бұл ақшаға шаққанда, 2 триллион теңгеден асады. Ал Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының алдағы нәтижелері жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында Елбасы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумды өткізуге дайындық жөніндегі есепті тыңдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– 2025 жылы Қазақстанның экономикасы 30 пайызға көбейе береді. Жаңадан келген пайда Үкіметке 2 триллионнан артық болуы керек. Соның барлығы осы есепте орындала ма, барлығы есептелген бе?

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Цифрландырудың қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін сараптама жасадық. Мәселен, өнеркәсіп, мұнай, уран салалары қарастырылды. Бұл салаларға цифрландыру қалай ықпал етеді? Өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Осы тұрғыда біз өзге мемлекеттердің тәжірибесі негізінде өзіміздің көрсеткіштерді ескеріп, сәйесінше тиісті сандарға қол жеткіздік.

Last modified on