×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Саясат

Н.Назарбаев: Алматының экономикасы 20 жылдың ішінде ел бюджетінің негізгі донорына айналды

Н.Назарбаев: Алматының экономикасы 20 жылдың ішінде ел бюджетінің негізгі донорына айналды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына» барды. Президентке қордың 8 айда атқарылған қызметі мен алдағы уақытта іске асырылатын даму жоспары баяндалды.

Мамандардың есебін тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев осы орайда еліміздің еңсесін тіктеу жолында тынымсыз тер төгіп, талантты жастарға барынша қолдау білдіру қажеттігін жеткізді. Одан соң Мемлекет басшысы жұмыс сапарын қорытындылап, арнайы брифинг өткізді. Президент алып шаһар Алматының экономикасы 20 жылдың ішінде ел бюджетінің негізгі донорына айналғанына айрықша тоқталды.

Қазір – жоғары технологиялар жарысқа түскен заман. Бұл ретте дамыған елдер бір-бірінен қара үзіп қалмау үшін жаңа идеяларды тудырға талпынып жатыр. Иә, мұндай іске қаржы керек, бірақ биік өре мен ынта-жігер ақшадан бұрынғы қажеттілік. Осы озық үлгілі жүйе біздің елде де қолға алынған. Бастамашы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры қоры.  Ұйым қазір жастардың талабын ұштау үшін жаңа бағдарламаны әзірлеген. Соның жай-жапсарын Президентке таныстырды. 

Қанат Жұмабаев, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының» атқарушы директоры:

-Фонд должен стать решением научно-технологических проблем молодежи, так как все технологии сосредоточены в фонде. Мы преобразовываем институт мировой экономики и политики. Современные институты существуют, и он должен стать аналогом. Работа в этом направлении ведется. Деятельность института практически переведена из Алматы в Астану, мы расформировали его и заново создали, стал работать проектный менеджмент. Совершенно новых экспертов собрали. Институт по-другому стал позиционировать себя.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» жанындағы әлемдік экономика және саясат институты. 2003-ші жылы негізі қаланған орталық бүгінде әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, геосаясат тақырыптарына талдау жасайды, зерттейді. Бұл инстиуттың бүгінгі жайымен де Елбасы танысып, жұмысты жандандыруды тапсырды. Нақтырақ айтсақ, озық инстиуттар сияқты, әлемдік деңгейде пікір айту керектегін жеткізді. 

Ержан Салтыбаев, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» Әлемдік экономика және саясат институтының директоры: 

-Мы сейчас работаем с зарубежными крупными компаниями, выходить  планируем на западные телекомпании, британские структуры. У нас есть топ участников – лучшие президенты, есть целый ряд международных организаций, бывший глава ОБСЕ. Непосредственно о новой структуре: здесь мы хотим перейти от формата ИВЭП к формату консалтинговой организации NRG. Аббревиатура удачно воспринимаются на английском языке – Energy. Оперативный анализ для внутренней и внешней аудитории, чтобы они знали казахстанскую позицию. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Правильно институт должен выходит из старых рамок, начинать говорить на республиканском уровне, международном уровне.

Еліміздің әлемдік деңгейдегі ұстанымы белгілі. Жаһанның тұрақтылығы мен тыныштығы. Бұл ретте біз тек сөз айтып қоймай, оны іске асырып отырмыз. Астана процесі – соның бір дәлелі. Иә, Қазақстанда осындай бірлік пен келісім болғандықтан экономикамыз ілгері басып келеді. Сол дамуға әр облыс, қала үлес қосып отыр. Еліміздің аймақтары туралы айтқанда Алматыны атамай кеткен болмас. Шаһардың экомикасы 25 жылда 100 есеге өскен. Алматы және Алматы облысына жұмыс сапарын қортындылаған Президент өңірдің бүгінгі қадамына баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Алматының, Алматы облысының жағдайымен таныстық. Айта кететін мәселе Алматы қаласының әкімшілігі көп жұмыс атқарып жатыр. Алматыны одан әрі әдемі жасап, Алматының ішін абаттап, халықтың демалатын жерлерін ұлғайтып, халыққа тұруға ыңғайлы, жақсы, әдемі қала жасауға жұмыс атқарып жатыр.  Оның үстіне 2 аудан қосылды. Екі ауданда бизнеске де, іскерлерге жұмыс істеу мәселесі де ұлғайды. Жалпы Алматы деген өте үлкен экономика. 20 жылдыңі ішінде Алматының экономикасы өсті. Ең үлкен Қазақстанның мегаполисі.

Алматы облысының бүгінгі даму қарықыны да көңілге қонады. Ауыл шаруашылығы саласында өзге өңірлерге үлгі көрсетіп отыр. Аймақтың осындай жетістіктерін Президент атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В Алматинской области развитие идет опережающими темпами. Особенно по таким вопросам как сельское хозяйство, производство сахарной свеклы, фруктов, овощей и строительство самого города. Автомобильная дорога Алматы-Талдыкорган работает и пойдет до Усть-Каменогорска. Алматы стал настолько большим городом, что он равен некоторым государствам. Мощная экономика является донором нашего бюджета, большинство ВУЗ-ов здесь находится, большинство объектов малого и среднего бизнеса.

Иә, облыстың да қаланың да бүгінгі аяқ аласы жаман емес. Сөзімізге мына сандар дәлел. Жарты жылдықта қаланың жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өскен. Осы көрсеткіш негізінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 43 мың адам жұмысқа орналасқан. Бұл қаланың бағындырған бір белесі болса керек. Дегемен алда талай асқар асулар бар, соны бағындыру үшін қажырлы еңбек жолын жалғау қажет. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Сәкен Сейітханұлы

Last modified on