×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Саясат

Қайрат Әбдірахманов Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен кездесті

Қайрат Әбдірахманов Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен кездесті

Австрия астанасы Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мен сыртқы істер министрлері кеңесінің жиырма төртінші отырысы басталады.

Кеңес жұмысына еліміздің Сыртқы саясат ведомствосының басшысы қатысуда. Отырыс қарсаңында Қайрат Әбдірахманов Австрия президенті Александр Ван дер Белленмен кездесті. Австрия басшысы Қазақстанды «ЕХРО 2017» көрмесін жемісті өткізуімен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің Сириядағы қақтығысты шешу мен басқа да бітімгерлік әрекетін жоғары бағалады. Әсіресе Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ал саяси және іскер топтармен кездесу барысында Австрия экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенц Қазақстанға инвестиция құюға әзір екенін білдірді.

Last modified on