×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Саясат

Мемлекет басшысы елорданың Астана қаласына көшірілуінің 20 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты

Мемлекет басшысы елорданың Астана қаласына көшірілуінің 20 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты

Қазақстан астанасын Алатау бауырынан Сарыарқа сауырына көшіру туралы тарихи шешімге 20 жыл.

1997 жылы ел ордасын Ақмолаға ауыстыру туралы Мемлекет басшысының қаулысы шыққан болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы айтулы күнге орайластырылған салтанатты шараға қатысып, жаңа елорданың іргесін қалауға сүбелі үлес қосқан құрылысшылармен кездесті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Президент және Астана» фотокөрмесін аралап, шетелдік және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады. Бүгінде елорда 21-ші ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Сөйтіп қазақ елінің бас шаһары орталық орданың жүгін арқалаумен қатар,  ел экономикасының локомотивіне небір жаңалықтар дүниеге келетін, халықаралық бастамалар жүзеге асатын, маңызы зор ой-пікірлер айтылатын ашық алаңға айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 - В 1997 году я своим указом, как было здесь сказано, объявил Акмолу столицей нашей родины. Мінекей содан бері 20 жыл өтті. 9 желтоқсанда түнгі сағат 00:30-да мен Жақсыбековты шақырдым. Ескі офисыма. Сен ертеңнен бастап осы қаланың әкімі боласың дедім. Таким образом, он стал первым акимом нашей родины. Все эти люди, многие из которых находятся на заслуженном отдыхе, но в моей памяти и в памяти астанчан они должны остаться первыми, кто заложили первые кирпичи, построили все значимые здания. Давайте их поприветствуем, пожелаем крепкого здоровья, всего самого доброго.

Last modified on