×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154

Спорт

Футзал: Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Футзал: Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды Akyl-kenes Magazine

2018 жылғы 30 қаңтардан 10 ақпанға дейін Словенияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді.

Құрлық біріншілігіне 12 команда қатысады. Бұлар үш құрамадан төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі команда ширек финалға шығатын болады.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Қазақстан құрамасы В тобында орналасқан. Қарсыластары Ресей мен Польша құрамасы.

Біздің бас командамыз топтағы алғашқы кездесуін бірінші ақпан күні Польшамен өткізеді. Ал екінші кездесуі үшінші ақпанға жоспарланған. Егер топтан шығып жатсақ, ширек финалдық ойындар 5-6 ақпан күндері өтеді.

A тобы: Словения (Отағасы ел), Италия, Сербия

B тобы: Ресей, Қазақстан, Польша

C тобы: Португалия, Украина, Румыния

D тобы: Испания, Әзірбайжан, Франция

Ақпарат көзі: prosports.kz 

Last modified on