Хабар телеарнасы

Жасөспірімдер арасындағы III Жазғы Олимпиада ойындары: 6-18 қазан

Жасөспірімдер арасындағы III Жазғы Олимпиада ойындары: 6-18 қазан

Жасөспірімдер арасындағы III Жазғы Олимпиада ойындары 6-18 қазан аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтеді. Ірі спорттық шараға 206 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады.

Дүбірлі додада Қазақстан намысын 57 спортшы қорғайды.

Айта кетейік, осыған дейін жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындары алғаш рет 2010 жылы Сингапурде, кейін 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен болатын.

Төрт жылда бір рет өтіп тұратын байрақты бәсекеге 14-18 жас аралығындағы спортшылар-юниорлар ғана қатысады.