Статьи

Операторлар

Операторлар

Француз данышпаны Наполеон Бонапарт: «Төрт мың әскердің соққысынан төрт баспасөздің соқыссы артық», – деп  тегін айтпаса керек-ті. Өйткені ақпарат саласын билеген адам, әлемді де билей алады. Ал сапалы әрі құнды материал тек журналистің ғана емес, оператордың да шеберлігіне байланысты.

Оператор – бейнекамерасы арқылы фильмнің мазмұнын, идеясын ашатын көркем образ жасаушы. Журналистің ойы мен сөзін нақтылай түсетін де сол оператордың нысанаға алған кадрлары. Телевизия саласында мәтін мен бейненің үйлесім табуы аса маңызды. Сонда ғана қырағы көрерменнің назарына айшықты ақпаратты ұғынықты етіп жеткізе аламыз.

Бұл орайда «Хабар» агенттігінің талантты операторларға кенде емес екендігі баршаға мәлім. Мұнда талай жылдан еңбек етіп, өз ісінің хас шеберіне айналған майталмандар жетерлік. Дәл қазіргі уақытта Астана қаласында 35 оператор қызмет етеді. Олар әр күн сайын 3 немесе 4 түсірілім жасап, дүйім жұртқа жаңалықтың дер кезінде жетуіне септігін тигізеді.

Last modified on