Хабар телеарнасы

ШҚО-ның Аягөз қаласындағы жылу мәселесі тұрақталып келеді

Қазір әлеуметтік мекемелердегі температура -20-25, ал көпқабатты үйлерде -18-20 градусқа көтерілген. Жылыту орталығындағы үш қазандық іске қосылды.

Семей мен Өскеменнен барған энергетик мамандар қазандықтардағы жылу мен буды айналымға түсіріп, реттейтін құбырларды жөндеді. Бүгінге дейін екі қазандықтың құбырлары тазартылды. Үшінші қазандықтың жылыту тетігі ертең ауыстырылады. Сол кезде жылу қуаты да көтерілмек. Қазір орталықтан шыққан судың температурасы -65 градус болып тұр. Ал жылыту орталығы «Аягөз су» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша басқаруға берілді.

Серік Ақтанов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Мен жаңа ғана Аягөзден іссапардан келдім. Қазір Аягөзде көп жыл бойы реттелмеген қондырғылар реттеліп, жылу қондырғылары ауыстырылды. Қазір «Аягөз су» мекемесі жұмыс істеп жатыр. Қондырғылардың бір бөлігін бүгін ауыстырғандықтан, ертеңнен бастап бөлмелердегі, мектептердегі температура көтеріледі деген сенім мол. Жаңа қондырғыларды қосқаннан кейін біртіндеп жылиды деген сөз.